Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 10 бабына сәйкес жүзеге асырылды.
Құрылған сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасында сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары болып табылады. Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Ырғыз аудандық мәслихатының сессиясында 23 сайлау комиссияларының құрамына 117 мүшесі сайланды, олардың ішінде: аудандық - 1, учаскелік - 22.
4 саяси партия мен 3 қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары бойынша 23 сайлау комиссияның жаңа құрамына 117 мүше сайланды.
Сайлау туралы Коституциялық заңның 10 және 20-баптарымен белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сайлау комиссияларының бірінші отырысында аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасарлары және хатшылары сайланды.
Сайлау комиссияларының жаңа құрамы мен орналасқан жерлері туралы мәліметтерді Сіздердің назарларыңызға жеткізіп отырмыз.