Ырғыз ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10- тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №181 бұйрығына сәйкес(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33110 тіркелген), Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2023 жылға арналған туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері айлық есептік көрсеткіштің 0,2 (нөл бүтін оннан екі) мөлшерінде бекітілсін.

2.Ырғыз аудандық мәслихатының 2002 жылғы 30 желтоқсандағы №204 «Ырғыз ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №31657 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  

 

 

Ырғыз аудандық мәслихатының төрағасы

 

М. Турымов

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 03.11.2023

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 8424 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Иргизского районного маслихата - Руководитель аппарата Ерғазы Абатұлы Сермағанбетов, 01.11.2023 10:43:27, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Иргизского районного маслихата - Председатель маслихата Марат Орынжайұлы Турымов, 01.11.2023 10:45:19, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Дата публикации
08 ноября 2023