Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №203 «2023-2025 жылдарға арналған Жайсаңбай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ШЕШТІ:

  1. Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №203 «2023- 2025 жылдарға арналған Жайсаңбай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 « 1. 2023-2025  жылдарға арналған Жайсаңбай ауылдық округі бюджеті   тиісінше 1, 2 және  3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2023 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 81 823 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 1 171 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 10 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 80 642 мың теңге;

2) шығындар – 82 148,8 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо  – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -325,8 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 325,8 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 325,8 мың теңге.».

4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

         «4. 2023 жылға арналған  Жайсаңбай  ауылдық округ бюджетінде

                                                                           00072*

аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:

еңбек ақы төлеуге - 1768 мың теңге; 

ғимаратты ағымдағы жөндеуге – 5 552,7 мың теңге;

мемлекеттік органдардың күрделі шығындарына – 13 722,3 мың теңге;

елді мекендерді абаттандыруға – 39 500 мың теңге;

сметалық есептер әзірлеуге – 200,0 мың теңге;

жерге орналастыру құжаттарын әзірлеуге – 918,0 мың теңге.

Аталған трансферттерінің сомасын бөлу ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде айқындалады.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ырғыз аудандық мәслихат төрағасы:

 

 

М.Турымов

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
08 ноября 2023