ШЕШТІ:
1.Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 197 «2023-2025 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2023-2025 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджеті тиісінше 1,2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2023 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 251 305,4 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 25 241,9 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 389,3 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 7 039,8 мың теңге;
трансферттер түсімі – 218 634,4 мың теңге;
2) шығындар – 291 328,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 40 023,1 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
40 023,1 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары –40 023,1 мың теңге.».
4- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. 2023 жылға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджетінде аудандық
00066*
бюджет арқылы облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:
«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс- шараларды іске асыруға – 109 017 мың теңге;
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. 2023 жылға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:
еңбек ақы төлеуге – 4 286 мың теңге;
елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға – 34 720 мың теңге;
ауылдық округ әкімі аппаратын ұстауға – 39 200 мың теңге;
мемлекеттік органдардың күрделі шығындарына – 784,4 мың теңге;
елді мекендерді абаттандыруға – 2 290,0 мың теңге;
бейнебақылау қондырғысын орнатуға – 4 193,3 мың теңге;
автомобиль жолдарын орташа жөндеуде жұмыстары мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуге – 2 871,7 мың теңге.».
Аталған трансферттерінің сомасын бөлу ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде айқындалады.».
|
Ырғыз аудандық мәслихатының төрағасы: |
|
М.Турымов |