ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2023-2025 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2023 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 6 741 200,4 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 861714 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 6370 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 428 мың теңге;
трансферттер түсімі – 5 871 552 мың теңге;
2) шығындар – 6 931 264,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 23 262 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 46 575 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 23 313 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5)_бюджет тапшылығы (профициті) – -213 325,9 мың теңге;
6)_бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 213 325,9 мың теңге;
қарыздар түсімі – 46575 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 23 313,5 мың теңге;
00062*
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 190 064,4 мың
теңге.».
5-1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5-1. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте функциялардың берілуіне байланысты облыстық бюджеттің ысырабын өтеуге 77882 мың теңге трансферт көзделсін.
Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.».
мынадай мазмұндағы 5-2 тармақпен толықтырылсын:
«5-2. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджет арқылы республикалық бюджеттен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін ағымдағы нысаналы және нысаналы даму трансферттері түсетіні ескерілсін:
халықтың әлеуметтік осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға – 67 200 мың теңге;
«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға - 530 952 мың теңге;
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға – 341 677 мың теңге.
Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.».
6- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы және нысаналы даму трансферттері түсетіні ескерілсін:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге - 32 523 мың теңге;
Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға – 24 377мың теңге;
мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға – 1 035 мың теңге;
еңбек нарығын дамытуға - 162 877 мың теңге;
біліктілік жүйесін дамытуға – 104 мың теңге;
«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға - 288 785 мың теңге;
коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) қайта жаңғыртуға - 142 917 мың теңге;
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға – 29 300 мың теңге;
ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға - 82 048 мың теңге;
көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға - 2 547 038 мың теңге;
«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға – 77 386 мың теңге;
ауыл шаруашылығы объектілерін дамытуға - 277 767 мың теңге;
ауданның коммуналдық меншігіндегі газ жүйелерін пайдалануды ұйымдастыруға - 23 615 мың теңге.
Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.».
7 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. 2023 жылға арналған аудандық бюджет арқылы облыстық бюджеттен ауылдық округтер бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін
«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға - 288 785 мың теңге;
Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.».
8- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтер бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін:
еңбек ақы төлеуге - 22 846,5 мың теңге;
ғимаратты ағымдағы жөндеуге - 5 552,7 мың теңге;
мемлекеттік органдардың күрделі шығындарына - 41 683,9 мың теңге;
елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыруға - 20 448,6 мың теңге;
елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға – 88147,1 мың теңге;
елді мекендерді абаттандыруға - 125 015,0 мың теңге;
елді мекендердің көшелерін орташа жөндеуге - 1 500 мың теңге;
автомобиль жолдарын орташа жөндеуде жұмыстары мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуге – 5 654,2 мың теңге;
ауылдық округ әкімі аппаратын ұстауға – 39200 мың теңге;
бейнебақылау қондырғысын орнатуға – 4 193,3 мың теңге;
әкімшілік ғимаратты газбен қамтуға - 4 638,3 мың теңге;
сметалық есептер әзірлеуге - 1 195,5 мың теңге;
жерге орналастыру құжаттарын әзірлеуге – 918 мың теңге.
Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.».
9- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. 2023 жылға арналған Ырғыз ауданының жергілікті атқарушы органының резерві сомасы 5 300 мың теңге болып бекітілсін.».
|
Аудандық мәслихат
|
|