Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №201 «2023-2025 жылдарға арналған Нұра ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ШЕШТІ:

  1. Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №201 «2023- 2025 жылдарға арналған Нұра ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2023-2025 жылдарға арналған  Нұра  ауылдық округ бюджеті тиісінше   1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2023 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 299 811,5 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 4 863 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 20 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 294 928,5 мың теңге;

2) шығындар –  300 111 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо  –                        0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -299,5 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
299,5 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 299,5 мың теңге.».

5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

                                                                          

 «5. 2023 жылға арналған  Нұра  ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:

еңбек ақы төлеуге – 2 321 мың теңге; 

мемлекеттік органдардың күрделі шығындарына – 400 мың теңге;

елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыруға – 12 320 мың теңге;

елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға – 30 224 мың теңге;

елді мекендерді абаттандыруға – 33 049 мың теңге;

автомобиль жолдарын орташа жөндеуде жұмыстары мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуге – 2 782,5 мың теңге.».

Аталған трансферттерінің сомасын бөлу ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде айқындалады.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

 

 

Ырғыз аудандық мәслихатының төрағасы

 

 

М. Турымов

 

 

Дата публикации
31 августа 2023