Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №197 «2023-2025 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ШЕШТІ:

1.Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 30 желтоқсандағы                                № 197 «2023-2025 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджетін бекіту туралы»  шешіміне  мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2023-2025 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджеті тиісінше 1,2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2023 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 279 896,3 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 44 168 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 80 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 000 мың  теңге;

трансферттер түсімі –  234 648,3 мың теңге;

2) шығындар –  319 919,4 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо  –                        0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 40 023,1 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
40 023,1 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары –40 023,1 мың теңге.».

5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«5. 2023 жылға арналған  Ырғыз  ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:

                                                                            

еңбек ақы төлеуге – 4 286 мың теңге; 

елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға – 47 723 мың теңге;

ауылдық округ әкімі аппаратын ұстауға – 39 200 мың теңге;

мемлекеттік органдардың күрделі шығындарына – 800 мың теңге;

елді мекендерді абаттандыруға – 4 000 мың теңге;

автомобиль жолдарын орташа жөндеуде жұмыстары мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуге – 2 422,3 мың теңге.».

Аталған трансферттерінің сомасын бөлу ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде айқындалады.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ырғыз аудандық мәслихатының төрағасы

 

 

М. Турымов

 

 



 

Дата публикации
31 августа 2023