Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 8 бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШТІ :
- Осы шешімнің қосымшаларына сәйкес Ырғыз ауданы бойынша 2023–2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары бекітілсін.
- «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы М.Турымов
00007*