«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 11 бабына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың бірінші сессиясының жалпы отырысының күн тәртібі бекітілсін:
- Аудандық мәслихат төрағасын сайлау туралы.
- Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларын құру, олардың төрағалары мен мүшелерін сайлау туралы.
- «Amanat» партиясының депутаттық фракциясын тіркеу туралы.
- Аудандық мәслихаттың 2023 жылға жұмыс жоспарын бекіту туралы.
- Аудандық мәслихаттың кезекті екінші сессиясының күн тәртібін белгілеп бекіту туралы.
- «Ырғыз ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы».
- «Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 17 қаңтардағы ««Аудандық жер комиссиясының ережесін және дербес құрамын бекіту туралы» №209 шешімімен бекітілген комиссияның дербес құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».
- Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 14 қазандағы «Ырғыз аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» №169 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Аудандық мәслихат
төрағасы: М.Турымов
00001*