1) депутат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттық мiндеттердi орындаумен сыйымсыз лауазымға сайланса немесе тағайындалса;
2) депутатты әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет ету қабілеті шектеулі деп тану туралы сот шешiмi заңды күшiне енсе;
3) мәслихаттық өкiлеттiгi тоқтатылса;
3-1) депутат "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сəйкес өзі сайланған саяси партиядан шықса немесе шығарылса;
3-2) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сəйкес депутат сайланған саяси партия қызметiн тоқтатса;
3-3) партиялық тізім бойынша сайланған мәслихат депутаты саяси партия филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының шешімі бойынша кері шақырып алынса;
4) депутат қайтыс болған, депутатты хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы сот шешімі не оны қайтыс болған деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
5) ол Қазақстан Республикасының азаматтығынан тоқтатса;
6) қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін депутатқа қатысты соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енсе;
7) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстен тысқары жерге тұрақты тұруға кетсе;
8) депутаттың орнынан түсу туралы жеке өтiнiшiне байланысты;
9) депутат өз мiндеттерiн жүйелi түрде орындамаса, оның iшiнде мәслихат сессиясының немесе құрамына өзі сайланған мәслихат органдарының отырыстарына дәлелдi себептерсiз қатарынан үш реттен артық қатыспаса;
10) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы немесе тексеру комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындалса, мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Мəслихат аумақтық сайлау комиссиясының осы тармаққа сəйкес енгізілген ұсынуы негізінде мəслихат сессиясына қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен мəслихаттың тиісті депутатының өкілеттіктерін тоқтатады.
4-1. Өкілеттіктер осы баптың 3-тармағының 3-1), 3-2) және 3-3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған кезде тиісті аумақтық сайлау комиссиясы адамның мəслихат депутатының өкілеттіктерін жоғалту фактісін көрсететін шешім қабылдайды жəне бұл туралы тиісті мəслихатқа хабарлайды.