2023-2025 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы

  1. 2023-2025 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2023 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 5 819 933 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 859 046 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 9 038 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 428 мың теңге;

трансферттер түсімі – 4 950 421 мың теңге;

2) шығындар – 5 819 933 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 23 262 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 46 575 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 23 313 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо –                     0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5)_бюджет тапшылығы (профициті) – -23 262 мың теңге;

6)_бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –        23 262 мың теңге;

қарыздар түсімі – 46 575 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 23 313 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары  – 0 теңге.

  2.Аудандық бюджеттің кірісіне мыналар есептелетін болып ескерілсін:

  жеке табыс салығы;

  әлеуметтік салық;

  аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық;

                                                                            00187*

қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;

қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы;

коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;

жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін алым;

сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы бар қаладағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, облыстық маңызы бар қаланың аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырғаны үшін төлемақы;

республикалық бюджет есебіне жазылатын консулдық алымнан және мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баж;

аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;

аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінен түсетін басқа да кірістер;

аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер;

аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;

аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері салатын айыппұлдарды, өсімпұлдарды, санкцияларды, өндіріп алуларды қоспағанда, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;

аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер;

аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша.

  1. Облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 14 желтоқсандағы «2023– 2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне сәйкес 2023 жылға облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілетін субвенция 1 241 951 мың теңге сомасында көзделді.
  2. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық бюджеттен ауылдық округ бюджеттеріне берілетін субвенциялар көлемі 213 718 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Ырғыз – 21 272 мың теңге;

Аманкөл – 9 731 мың теңге;

Қызылжар – 70 136 мың теңге;

Құмтоғай – 28 549 мың теңге;

Нұра – 33 498 мың теңге;

Тәуіп – 31 551 мың теңге;

Жайсаңбай – 18 981 мың теңге.

  1. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджет арқылы республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер түсетіні ескерілсін:

мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға – 46 575 мың теңге.

Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.

  1. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы және нысаналы даму трансферттері түсетіні ескерілсін:

         мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге - 62 023 мың теңге;

         Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға - 23 139 мың теңге;

         мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға – 1 035 мың теңге;

          еңбек нарығын дамытуға - 489 381 мың теңге;

          біліктілік жүйесін дамытуға - 104 мың теңге;

          «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға 295 279 мың теңге;

           коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) қайта жаңғыртуға - 150 599 мың теңге

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға - 69 525 мың теңге;

ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға 365 177 мың теңге;

көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға - 2 252 208 мың теңге.

Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.

  1. 2023 жылға арналған аудандық бюджет арқылы облыстық бюджеттен ауылдық округтер бюджетіне ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға 295 279 мың теңге.

Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.

  1. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтер бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін:

Еңбекақы төлеуге - 19 651 мың теңге;

ғимаратты ағымдағы жөндеуге - 6 893 мың теңге;

мемлекеттік органдардың күрделі шығындарына - 26 600 мың теңге;

елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыруға - 24 640 мың теңге;

елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға - 77 947 мың теңге;

елді мекендерді абаттандыруға - 154 170 мың теңге.

Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.

  1. 2023 жылға арналған Ырғыз ауданының жергілікті атқарушы органының резерві сомасы 20 104 мың теңге болып бекітілсін.
  2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ырғыз аудандық мәслихатының хатшысы

 

 

М. Тұрымов

 

 



 

Дата публикации
26 апреля 2023