«Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 33-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл агенттігінің Төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №16299 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қоса беріліп отырған «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесі бекітілсін.
  2. Аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 наурыздағы №137 «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесі бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-5-170 тіркелген) шешімініңкүші жойылды деп танылсын.

    3.Аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы №119 «Ырғыз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 наурыздағы № 137 "Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау Әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы»шешімінің күші жойылды деп танылсын

     4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

 

 

Ырғыз аудандық

мәслихатының төрағасы

 

 

 

 

 

Дата публикации
14 марта 2023