Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 25 баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :
1. Қоса беріліп отырған «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Ырғыз аудандық мәслихатының кейбір шешімдері жойылсын:
1) Ырғыз аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №206 «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» мемлекетттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» шешімі;
2) Ырғыз аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 қыркүйектегі №159 «Ырғыз аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №206 «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» мемлекетттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі
Аудандық мәслихат
төрағасы: М.Турымов
00348*