Аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №281 «2026-2028 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Аудандық мәслихаттың «2026-2028 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №281 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

          «1. 2026-2028 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2026 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер –   4 431 026,1 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 797 228,1 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 16 974 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 25 735 мың теңге;

трансферттер  түсімдері   –3 591 089  мың теңге;

2) шығындар –   5 754 833,6 мың теңге;

3)  таза бюджеттік кредиттеу – 56 534 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 90 825 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 34 291 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0  теңге, оның ішінде:

қаржылық активтерді сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 380 341,5 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
- 1 380 341,5 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі –   1 815 045 мың теңге;

қарыздарды өтеу –  568 364 мың теңге.

                                                                           00345*

 

          бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 133 660,5 мың теңге.»;

7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

7. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы және нысаналы даму трансферттері түсетіні ескерілсін:

көлік инфрақұрылымын дамытуға - 540 000 мың теңге;

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға- 20 950 мың теңге;

көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға – 896 895 мың теңге;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі газ жүйелерін қолдануды ұйымдастыруға – 1 932 мың теңге;

халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға - 19 963 мың теңге;

қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыруға – 1 640 мың теңге;

ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 153 047 мың теңге.

Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.

10-тармақ алынып тасталсын;

көрсетілген шешімге 1-қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жана редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі                                                                           

 

 

 

         Аудандық мәслихат

                  төрағасы:                                                          М.Турымов

Аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №281 «2026-2028 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
09 октября 2026