|
Қаржы, бюджет, кәсіпкерлікті дамыту жәнеауыл шаруашылығы жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Н.Таңқаевтың өзіне жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6,7,12 баптарына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Аудандық мәслихаттың қаржы, бюджет, кәсіпкерлікті дамыту және ауыл шаруашылығы жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Н.Таңқаевтың өзіне жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі мақұлдансын және назарға алынсын.
Аудандық мәслихат төрағасы: М.Турымов
00343*
Аудандық мәслихаттың қаржы, бюджет, кәсіпкерлікті дамыту жәнеауыл шаруашылығы жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Н.Таңқаевтың өзіне жүктелген функциялар мен өкілеттіктердіңорындалуы туралы есебіҚұрметті депутаттар және сессияға қатысушылар!
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына сәйкес тұрақты комиссиялар өздерiн сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына кемiнде бiр рет өз қызметi туралы есеп бередi. Аудандық мәслихаттың қаржы, бюджет, кәсіпкерлікті дамыту және ауыл шаруашылығы жөніндегі тұрақты комиссиясы соңғы рет өз есебін 2025 жылғы қыркүйек айында берген болатын. Есепті жыл аралығында мен төрағалық ететін комиссия 4 отырыс жоспарлап өткізіді, онда тұрақты комиссияның құзырына жататын, сессияда қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау бойынша 4 негізгі мәселені қарады.2025 жылдың ІV-тоқсанында аудандық мәслихаттың қаржы, бюджет, кәсіпкерлікті дамыту және ауыл шаруашылығы жөніндегі тұрақты комиссияда Ауданың 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің хабарламасы тыңдалып, шешім жобасы мәслихат сессиясында қабылданды. 2026 жылдың І-тоқсанында «Ақтөбе облысының гиротехникалық құрылғыларға қызмет көрсету мекемесі» КММ Ырғыз аудандық бөлімшесінің бастығы Д.Кенжебаевтың хабарламасы қаралса, ІІ-ші және ІІІ-тоқсандардағы кезекті отырыстарда Ауданның 2025 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы» аудандық қаржы бөлімінің хабарламасы тыңдалып, аудандық мәслихаттың сессиясына бекітілуге ұсынылды. Және де «Ырғыз ауданын сумен жабдықтау нысандарының жай-күйі және оларға қызмет көрсетуге бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөніндегі шаралар туралы» су шаруашылығы мекемесінің мәселелері қаралып, тиісті қаулылар қабылданып, олардың орындалуы бақылауға қойылды және назарға алынды. Аудандық мәслихат депутаттары ай сайын қоғамдық қабылдаулар жасап келеді, қабылдауларда болған азаматтардың өтінішітері мен ұсыныстарын бақылауға алып, мейлінше олардың шешілу жолдары қарастырылуда.
|
|
|