Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6,7 баптарына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың 2026 жылғы 12 ақпандағы «Аудандық жер комиссиясының ережесін және дербес құрамын бекіту туралы» №307 шешімімен бекітілген комиссияның дербес құрамына келесідей өзгеріс енгізілсін:
Комиссия құрамына Сағитжанұлы Ербол – «Ырғыз аудандық сәулет,
құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін уақытша атқарушы болып енгізілсін.
Комиссия құрамынан Түкібаев Талғатбек Еркінұлы шығарылсын.
Аудандық мәслихат
төрағасы: М.Турымов
00339*