Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2026-2028 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2026 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 4 612 487 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 859 300 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 58 434 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 23 435 мың теңге;
арнаулы түсімдер - 0 теңге;
трансферттер түсімдері – 3 671 318 мың теңге;
2) шығындар – 5 934 867,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 56 534 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 90 825 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 34 291 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 378 914,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
- 1378 914,9 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 1 815 045 мың теңге;
00337*
қарыздарды өтеу – 568 364 мың теңге.
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 132 233,9 мың теңге.»;
мынадай мазмұндағы 6-1 тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Аудандық бюджетте мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару есебінен 2026 жылға жергілікті атқарушы органның кезекте тұрғандарға кейіннен жалға беру үшін дайын тұрған үйді сатып алуға 1 724 220 мың теңге қарыздар түсімі көзделсін.
Аталған қарыздар түсімінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.».
көрсетілген шешімге 1-қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жана редакцияда жазылсын.
Аудандық мәслихат
төрағасы: М.Турымов