Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық сегізінші сессиясының жалпы отырысының күн тәртібі туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының  11 бабына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық сегізінші сессиясының жалпы отырысының  күн  тәртібі  бекітілсін:

  1. Ырғыз аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №280 «2026-2028 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 Хабарламашы: Г.Жансүгірова – аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.

  1. Ырғыз аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 15 қыркүйектегі №249 «Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

 Хабарламашы: Ж.Қайыров – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы.

  1. Аудандық мәслихаттың 2026 жылғы 12 ақпандағы «Аудандық жер комиссиясының ережесін және дербес құрамын бекіту туралы» №307 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

          Хабарламашы: М.Әбдірахман - аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы.

 

 

           Аудандық мәслихат

                   төрағасы:                                                                 М.Турымов

 

 

 

 

 

00336*

Шешім
Дата публикации
19 августа 2026