Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық сегізінші сессиясын шақыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару  және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабының 2 тармағына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық сегізінші сессиясы 2026 жылғы  7 тамыз  күні сағат  10:00-ге  шақырылсын.

   Сессияның күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:

 Ырғыз аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №280 «2026-2028 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 Хабарламашы: Г.Жансүгірова – аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.

  1. Ырғыз аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 15 қыркүйектегі №249 «Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

 Хабарламашы: Ж.Қайыров – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы.

 

 

                  Аудандық мәслихат

                           төрағасы:                                                  М.Турымов

Шақыру шешім
Дата публикации
05 августа 2026