№2 сайлау округі бойынша депутат Н.Таңқаевтың депутаттық сауалдары туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының  8 және 21-1 баптарына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары Н.Бекеевке, «Ырғыз аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің басшысының міндетін атқарушы Е.Сағитжанұлына, Ырғыз аудандық электр желілерін тарату мекемесінің басшысы Д.Төреғали жолданған №2 сайлау округі бойынша депутат Н.Таңқаевтың депутаттық сауалы назарға алынсын.
  2. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының  21-1 бабымен белгіленген мерзімде жауап ұсыну үшін, «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» ММ-сі депутаттық сауалды үш күн мерзім ішінде жолдасын.

 

 

 

        Аудандық мәслихат

                төрағасы:                                                     М.Турымов

Решение
Дата публикации
02 июня 2026