GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Мәслихат туралы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Құжаттар
Все материалы
Депутаттар қызметі
05 октября 2026
ИНДЕР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІНЕ!

          Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес аудандық мәслихат төрағасы 2026 жылдың 09 қазан күні сағат 11.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Индер аудандық мәслихатының кезектен тыс LІX сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.

           Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер:

          1. «2026-2028 жылдарға арналған Индер ауданының ауылдық округтерінің және Индербор кентінің бюджеттерін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №198-VІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

          Хабарламашы: Қонасова Гүлмира Әмірғалиқызы – Индер аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

          2.Басқа да мәселелер.

          Индер аудандық мәслихатының аппараты

Депутаттар қызметі
05 октября 2026
ИНДЕР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІНЕ!

           Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес аудандық мәслихат төрағасы 2026 жылдың 08 қазан күні сағат 16.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Индер аудандық мәслихатының кезектен тыс LVІІІ сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.

          Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер:

          1. «2026-2028 жылдарға арналған Индер ауданының бюджетін бекіту туралы» Индер аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №194-VIIІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

          Хабарламашы: Қонасова Гүлмира Әмірғалиқызы – Индер аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

          2. Басқа да мәселелер.

          Индер аудандық мәслихатының аппараты

Қоғамдық кеңес
01 октября 2026
ИНДЕР АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

30 қыркүйек күні Қоғамдық кеңес төрағасы Ж.Дауталиевтің төрағалығымен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен құрылыс саласына қатысты маңызды мәселелер қаралды.

Ауданға инвестиция тарту және кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туралыИндер аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы А.Үмітқалиева баяндама жасады.

Индер ауданында 2025-2026 жылдары салынған және салынып жатқан құрылыс нысандарының сапасы, мерзімі және заңдылығы туралыИндер аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Д.Ілиясов есеп берді.

Баяндамалар бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.

Отырыс қорытындысы бойынша қаралған мәселелерге қатысты тиісті қарар қабылданды.

Депутаттар қызметі
29 сентября 2026
ИНДЕР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІНЕ!

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес аудандық мәслихат төрағасы 2026 жылдың 30 қыркүйек күні сағат 15.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Индер аудандық мәслихатының кезектен тыс LVІІ сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.

                        Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер:

      1.    «Индер аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы.

      2. «Индер аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Индер аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №62-VIIІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

    Хабарламашы: Қабиева Гүлшара Мақажанқызы – Индер аудандық мәслихат аппаратының басшысы

    3.       Басқа да мәселелер.

                                 Индер аудандық мәслихатының аппараты

14 сентября 2026
САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРГЕ ХАБАРЛАНДЫРУ

             Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабы 3-тармағының талабына сәйкес, Индер аудандық учаскелік сайлау комиссиясының құрамында екі мүшенің орны бос болуына байланысты, осы комиссияда өкілі жоқ саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден учаскелік сайлау комиссиясының мүшелігіне кандидаттарға ұсыныстар қабылданады.

       Кандидат учаскелік сайлау комиссиясының мүшесіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.

       Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 14 қыркүйек пен 28 қыркүйекке дейін (хабарландыру ресми сайтқа жарияланды).

       Құжаттар қабылданатын мекен-жай: «Индер аудандық Мәслихатының аппараты» ММ, Д.Қонаев көшесі, 12 үй.

        Анықтама алу үшін байланыс нөмері: 8 (71234) 3-09-56

        Электронды поштаның мекен-жайы: maslihat.inder@mail.ru

Депутаттар қызметі
27 августа 2026
ИНДЕР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ LVI СЕССИЯСЫ

          2026 жылдың 27 тамыз күні мәслихат төрағасы А.Рамазановтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті LVI сессиясы өтті.

          Сессия отырысына аудан әкімінің орынбасары А.Мурзин,  аудандық мәслихат депутаттары, округ әкімдері мен бөлім басшылары, баспасөз өкілі қатысты.

          Сессияның күн тәртібіне ұсынылған мәселелер тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында талқыланды.

          Сессияның күн тәртібінде: Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалысы туралы бөлім басшысы А.Үмітқалиеваның,  Аудандық құрылыс бөлімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалысы туралы бөлім басшысы Д.Ілиясовтың баяндамалары тыңдалды.         

         Сондай-ақ «Индер аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Индер аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №62-VIIІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы аудандық мәслихат аппаратының басшысы Г.Қабиеваның, «Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы туралы» Индер аудандық мәслихатының 2026 жылғы 18 маусымдағы №226-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы және «Аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі  комиссиясының құрамы туралы»  Индер аудандық мәслихатының 2021 жылғы 07 желтоқсандағы №71-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы  аудан әкімі аппаратының басшысы А.Сансызбаевтың,  «Индер аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 5 қарашадағы №176-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің хабарламалары тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.

Депутаттар қызметі
19 августа 2026
ИНДЕР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІНЕ!

          Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес аудандық мәслихат төрағасы 2026 жылдың 27 тамыз күні сағат 11.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Индер аудандық мәслихатының кезекті LVІ сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.

          Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер:

          1.Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалысы туралы.

          Хабарламашы: Үмітқалиева Айгүл Аралбайқызы – Индер аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы.

         2. Аудандық құрылыс бөлімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалысы туралы.

        Хабарламашы: Ілиясов Дарын Ілиясұлы – Индер аудандық құрылыс бөлімінің басшысы.

        3. Басқа да мәселелер.

        Индер аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2026 жылдың 27 тамыз күні сағат 09.00-де аудандық мәслихат төрағасының бөлмесінде өткізіледі.

                Индер аудандық мәслихатының аппараты

Депутаттар қызметі
14 августа 2026
ДЕПУТАТТЫҚ ҚАБЫЛДАУ

           2026 жылдың 12 және 14 тамыз күндері кезекті мәслихат депутаттарының қабылдауы Индербор кентінде және ауылдық округтерінде өткізді.

           Қабылдауға келген тұрғындар өздерін толғандырып жүрген мәселелер туралы айтты.  

           Атап айтқанда:

           Инфрақұрылым және жол мәселелері – тұрғындар жолдардың жағдайын жақсарту, шұңқырлар мен ойылған жерлерді жөндеу, жол белгілерін ретке келтіру қажеттігі, сонымен қатар Есбол және Ынтымақ ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу барысында көше жарықтандыруы, ауыл тазалығы, ауыл сыртындағы зиратты қоршау және өзге де мәселелер көтерілді.

           Шығыс мөлтек ауданында интернет байланысының сапасы төмен екендігі айтылып, тұрақты әрі жылдам интернетпен қамтамасыз ету үшін матчталық антенна орнату және қоқыс алаңы (полиггон) орнын ауыстыру, Барлаушы мөлтек ауданында балалар ойын алаңдарына қоқыс жәшігін көбейту және бейнебақылау орнату қажеттігі  және М. Жұмабаев көшесіндегі апатты үйлерді сүру, т.б.м әселелер көтерілді. Депутаттар тұрғындардың шағымдары мен ұсыныстарын назарға алып, аталған мәселелердің шешілуіне ықпал ету үшін  тиісті мекемелерге депутаттық сауал жолданды.

                         Аудандық мәслихат аппараты

Қоғамдық кеңес
07 августа 2026
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

23 шілде күні аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Жамбыл Дәутәлиевтің төрағалығымен Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі Серік Нсанбаев қатысты.

Отырыста аудан тұрғындары үшін өзекті екі мәселе қаралды. Атап айтқанда, «Атырау – Орал» республикалық маңызы бар автомобиль жолындағы орташа жөндеу жұмыстарының орындалу барысы және «Атырау – Индер» облыстық маңызы бар автомобиль жолындағы ауыр жүк көліктерінің қозғалысын реттеу мәселелері талқыланды.

Бірінші мәселе бойынша «ҚазАвтоЖол» АҚ Атырау облыстық филиалы басшысының орынбасары А. Қаракезов және Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ә. Оразғалиев атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы баяндама жасады.

Екінші мәселе бойынша Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының өкілі А. Бисалиев және Индер аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары А. Құбашев «Атырау – Индер» облыстық маңызы бар автожолындағы ауыр жүк көліктерінің қозғалысын реттеу бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы ақпарат берді.

Жиын барысында жол жөндеу жұмыстарының сапасы, айналма жолдардың жағдайы, жол бойындағы шаңды азайту мақсатында су себу жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ ауыр жүк көліктерінің қозғалысын реттеу мәселелері жан-жақты қаралды.

Отырысқа Қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері және жауапты сала мамандары қатысып, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Отырыс қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты мекемелерге көтерілген мәселелерді шешу, тұрғындардың ұсыныстарын ескеру және атқарылып жатқан жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстау жөнінде тапсырмалар берді.

07 августа 2026
САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРГЕ ХАБАРЛАНДЫРУ

          Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабы 3-тармағының талабына сәйкес, Индер аудандық учаскелік сайлау комиссиясының құрамында үш мүшенің орны бос болуына байланысты, осы комиссияда өкілі жоқ саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден учаскелік сайлау комиссиясының мүшелігіне кандидаттарға ұсыныстар қабылданады.

         Кандидат учаскелік сайлау комиссиясының мүшесіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.

         Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 7 тамызы мен 21 тамызы 2026 жылға дейін (хабарландыру ресми сайтқа жарияланды).

         Құжаттар қабылданатын мекен-жай: «Индер аудандық Мәслихатының аппараты» ММ, Д.Қонаев көшесі, 12 үй.

         Анықтама алу үшін байланыс нөмері: 8 (71234) 3-09-56

         Электронды поштаның мекен-жайы: maslihat.inder@mail.ru

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы