Меню

Страницы

Статья

ИНДЕРБОР «ҚОҚЫС ҚАЛАСЫНА» АЙНАЛА ЖАЗДАДЫ

ИНДЕРБОР «ҚОҚЫС ҚАЛАСЫНА» АЙНАЛА ЖАЗДАДЫ

       Күн санап қарыштап өсіп келе жатқан Индербор кенті өз қоқысына өзі бөгіп, күнде кешке таман оның зиянды түтініне уланып отырғаны жөнінде аудан тұрындарының жанайқайы биліктегілерді де бей-жай қалдырмады. 

       Атыраудан экология департаменті басшысы Әлібек Мұратұлы Бекмұқамбетов арнайы келіп, аудандық қоғамдық кеңестің комиссия мүшесі, эколог Марат Мұқанов, аудандық "Дендер" газетінің бас редакторы, аудандық мәслихаттың депутаты Жанай Амантурлин, аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Иманғазиев, кент әкімі Асхат Аймұратов, "Жасыл Аймақ" ЖШС директоры Әнуар Кенжеев, тағы да басқа жауапты лауазым иелері  қоқыс жайылған аймақты аралап көріп, көп кемшіліктермен жақынырақ танысты.

         Жағдай кісі күлерлік емес, жыларлық, тіпті қос қолдап шашты жұларлықтай төзгісіз күйде екен.  Кәдімгі вулкан кезіндегі ыстық лавадан атқылаған шоқтай кенттің шығысқа беттеген, тіпті байырғы ДСУ-дың да сыртын айналған барлық жолдар мен тұтас аймақты бітеп, түтіндеп, қоқыстар орталыққа қарай асығып келеді. Көктем таласа көктей бастаған әр жусанның түбі мен басы целлофаннан бір-бір "орамалдарын" тартып алғандай дәрменсіз.

         Әнебір жылдары осы қоқыс алаңы бойынша төтенше жай жарияланып, барлық көліктер мен техникалар жұмылдырылып, біраз шаруа атқарылған да еді. Бұл аймақтар жылма-жыл айлық сайын ұйымдастырылатын сенбіліктер мен жексенбіліктер кезінде бір тазаланып қалмаса, басқа шаруаның бәрі осы маңға жауапты құрылымдардың құзырында қалатынын аңғартып тұр.

        Қ о ғ а м д ы қ кеңес мүшелері бар топ қоқыс алаңына барған мезетте мұнда "Атыраужолдары" кәсіпорына қарасты бір жеңіл машина қоқысын төгіп, қызметкрелері оны өртеп жатқанда үстінен түсіп, жедел шарасын алды.

         Сондай-ақ, тексерістен соң шұғыл жиын өтіп, экология департаментінің басшысы Ә.Бекмұқамбетов орталықтағы бұл иесіз қоқысты тегістеп, жоюдың жедел шарасын алуға, 16 гектар , тағы басқа алаңдардың тиісті аймағын нақты анықтап, етек-жеңін жинақтау, ал "ИСИгипсИндер"ЖШС қоқысын төгетін аймақ бойынша жеке тексеру жұмыстары жүріп жатқандығын жеткізіп, заңсыз қоқыс төккендерге тексеріс қорытындысына сай шара қолданылатынын айтты.

  Аудандық қоғамдық кеңестің жанындағы «заңдылықты   сақтау,  экология, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа       қарсы іс- қимыл мәселелері» жөніндегі комиссия төрағасы Сүйеу ХАЛЫҚОВ, Комиссия мүшесі, ардагер эколог Марат МҰҚАНОВ.

Дата публикации
12 июля 2022
Дата обновления
12 июля 2022
Тип
Мониторинг

Сейчас читают

Ақпарат
16 апреля 2025
ИНДЕР АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ (2025)
Ақпарат
16 апреля 2025
Қоғамдық кеңестің комиссиялары
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы