Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес аудандық мәслихат төрағасы 2025 жылдың 27 қараша күні сағат 11.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Индер аудандық мәслихатының кезекті ХLIIІ сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.
Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер:
1.Индербор кенті әкімінің 2025 жылы атқарған жұмыстарының есебі туралы.
Баяндамашы: Альмурзиев Шалқар Болатұлы – Индербор кентінің әкімі.
2.Есбол ауылдық округі әкімінің 2025 жылы атқарған жұмыстарының есебі туралы.
Баяндамашы: Сабиров Ерболат Сағидоллаұлы – Есбол ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы.
3.Басқа да мәселелер.
Индер аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2025 жылдың 27 қараша күні сағат 09.00-де аудандық мәслихат төрағасының бөлмесінде өткізіледі.
Индер аудандық мәслихатының аппараты