ИНДЕР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІНЕ!

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес аудандық мәслихат төрағасы 2025 жылдың 5 қараша күні сағат 15.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Индер аудандық мәслихатының кезектен тыс ХLI сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.

 Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер:

1.Индер аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №129-VIIІ «2025-2027 жылдарға арналған Индер ауданының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: Қонасова Гүлмира Әмірғалиқызы – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

  1. Басқа да мәселелер.

Индер аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2025 жылдың 5 қараша күні сағат 11.00-да аудандық мәслихат төрағасының бөлмесінде өткізіледі.

Индер аудандық мәслихатының аппараты

 

Дата публикации
03 ноября 2025