ИНДЕР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ
ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІНЕ!
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес аудандық мәслихат төрағасы 2025 жылдың 16 қазан күні сағат 11.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Индер аудандық мәслихатының кезектен тыс ХL сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.
Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер:
1.Индер ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы.
Хабарламашы: Сансызбаев Айболат Саламатұлы – аудан әкімі аппаратының басшысы.
Хабарламашы: Қабиева Гүлшара Мақажанқызы – аудандық мәслихат аппаратының басшысы.
Индер аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2025 жылдың 16 қазан күні сағат 10.00-де аудандық мәслихат төрағасының бөлмесінде өткізіледі.
Индер аудандық мәслихатының аппараты