ИНДЕР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІНЕ!

     Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес Индер аудандық мәслихат төрағасы 2025 жылдың 12 қыркүйек күні сағат 17.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Индер аудандық мәслихатының кезекті ХХХVІIІ сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.

 Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер:

        1.Индер ауданының әкімі С.Б.Нсанбаевтың «Индер ауданының 2025 жылдың 8 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы» есебі.

        Баяндамашы: С.Б.Нсанбаев – Индер ауданының әкімі.

       2.Басқа да мәселелер.

        Индер аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2025 жылдың 12 қыркүйек күні сағат 16.00-де аудандық мәслихат төрағасының бөлмесінде өткізіледі.

 Индер аудандық мәслихатының аппараты

 

Дата публикации
08 сентября 2025