Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес аудандық мәслихат төрағасы 2025 жылдың 08 шілде күні сағат 11.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Индер аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХХVIІ сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.
Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер:
Елтай ауылдық округінің «Қазақстан-1» мөлтек ауданындағы №8 көшесіне Ұлы Отан соғысының ардагері Әшімов Ғаббастың есімін беру және №10 көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері Шарипов Ғабдысихтың есімін беру туралы.
Хабарламашы: Сариев Дулатбай Абатұлы – Елтай ауылдық округінің әкімі.
Жарсуат ауылдық округінің атауы жоқ көшелерге Ұлы Отан соғысының ардагерлері Нысанғалиев Қамза, Мурзин Құбаш және Жарсуат ауылдық округіне қарасты Құрылыс ауылындағы Мектеп көшесін қайта атау үшін Ұлы Отан соғысының ардагері Қалимағанбетов Жұмағұл есімін беру туралы.
Хабарламашы: Бөкеев Ербол Ержанұлы – Жарсуат ауылдық округінің әкімі.
Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 27 қарашадағы №118 «Аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияны құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Хабарламашы: Сансызбаев Айболат Саламатұлы – аудан әкімі аппаратының басшысы.
Басқа да мәселелер.
Индер аудандық мәслихатының аппараты