Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 14, 15-баптарына сәйкес Индер аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2025 жылдың 02 шілдесінде сағат 09.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтеді.
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында
қаралатын мәселелер:
Елтай ауылдық округінің «Қазақстан-1» мөлтек ауданындағы №8 көшесіне Ұлы Отан соғысының ардагері Әшімов Ғаббастың есімін беру және №10 көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері Шарипов Ғабдысихтың есімін беру туралы.
Хабарламашы: Сариев Дулатбай Абатұлы – Елтай ауылдық округінің әкімі.
Жарсуат ауылдық округінің атауы жоқ көшелерге Ұлы Отан соғысының ардагерлері Нысанғалиев Қамза, Мурзин Құбаш және Жарсуат ауылдық округіне қарасты Құрылыс ауылындағы Мектеп көшесін қайта атау үшін Ұлы Отан соғысының ардагері Қалимағанбетов Жұмағұл есімін беру туралы.
Хабарламашы: Бөкеев Ербол Ержанұлы – Жарсуат ауылдық округінің әкімі.
Басқа да мәселелер.
Индер аудандық мәслихатының аппараты