Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес аудандық мәслихат төрағасы 2025 жылдың 20 мамыр күні сағат 15.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Индер аудандық мәслихатының кезекті ХХХV сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.
Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер:
1.2024 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы.
Баяндамашы: Қонасова Гүлмира Әмірғалиқызы – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
2024 жылғы Индер аудандық бюджетінің атқарылуы туралы Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі.
Баяндамашы: Бисембиев Нұрсұлтан Орақұлы – Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі.
2024 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есебі бойынша қорытынды баяндамасы.
Баяндамашы: Карашина Әлия Мұқанәліқызы – аудандық мәслихаттың экономика, бюджет, қаржы, жергілікті салықтар мен алымдар, шағын және орта кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.
2024 жылға арналған Индербор кенті және ауылдық округтердің бюджеттерінің атқарылуы туралы баяндамалары.
Баяндамашылар: Кент және ауылдық округ әкімдері.
2.Басқа да мәселелер.
Индер аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2025 жылдың 20 мамыр күні сағат 10.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткізіледі.
Индер аудандық мәслихатының аппараты