ИНДЕР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІНЕ!

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес аудандық мәслихат төрағасы 2025 жылдың 08 мамыр күні сағат 10.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Индер аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХХIV сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.

         Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер:

 

         1.Индер аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №132-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Индер ауданының ауылдық округтерінің және Индербор кентінің бюджеттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: Қонасова Гүлмира Әмірғалиқызы – Индер аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

          2.Басқа да мәселелер.

          Индер аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2025 жылдың 08 мамыр күні сағат 09.00-де аудандық мәслихат төрағасының бөлмесінде өткізіледі.

 

Индер аудандық мәслихатының аппараты

 

 

Дата публикации
02 мая 2025