ИНДЕР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІНЕ!

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес аудандық мәслихат төрағасы 2025 жылдың 27 наурыз күні сағат 15.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Индер аудандық мәслихатының кезекті ХХХIІ сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.

 Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер:

       1.Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы №19 «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Елтай ауылдық округі әкімінің 2024 жылы атқарған есебі.

       Баяндамашы: Сариев Дулатбай Абатұлы – Елтай ауылдық округінің әкімі.

       2. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің 2024 жылғы атқарған жұмыстары және көктемгі егіс науқанына дайындығы туралы.

        Баяндамашы: Құсайынов Мәмбетқали Жолдасқалиұлы – аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.

Баяндамашылар: Кент және ауылдық округ әкімдері.

       3. Басқа да мәселелер.

Индер аудандық мәслихатының аппараты

 

Дата публикации
17 марта 2025