ХАБАРЛАНДЫРУ

Индер аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау

жөніндегі конкурс өткізу туралы

        2022 жылдың 28 наурызында құрылған Индер аудандық Қоғамдық кеңесі мерзімінің аяқталуына байланысты аудандық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес жергілікті Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау туралы конкурс өткізеді. Қоғамдық кеңестің сандық құрамы 9 мүшеден құралады.

          Атауы: Индер аудандық Қоғамдық кеңесі.

          Пошталық мекен-жайы: 060200, Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті,  Қонаев көшесі 12, «Индер аудандық мәслихат аппараты» ММ.

          Байланыс телефондары: 8 712 34  2-17-91, 2-03-25;

          Электрондық мекенжайлар: maslihat.inder@mail.ru;

          Құжаттарды тапсыру кезеңі: 2025 жылғы   14 ақпан  - 27 ақпан  аралығында.

Сағат 09.00-ден 18.30 дейін, үзіліс сағат 13.00-тен 14.30 дейін.

          Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:

          Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, ауданның әкімшілік-аумақтық бірлігінде тұрақты тұратын азаматы аудандық Қоғамдық кеңестің мүшелігіне кандидат бола алады.

          «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес,

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:

         1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

         2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

         3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар:

        1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

         2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

         3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

         4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама.

          Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар, оның ішінде өзін-өзі ұсыну жолымен ұсына алады.

          «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының        9 - бабының  4 - тармағына сәйкес, коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.

Индер аудандық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы

Дата публикации
13 февраля 2025