Индер аудандық мәслихаты Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы мүшелерін іріктеу туралы конкурс өткізетіндігін хабарлайды

        Индер аудандық мәслихаты 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы  26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге» сәйкес  Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы мүшелерін іріктеу туралы конкурс өткізетіндігін хабарлайды.

       Жұмыс тобының сандық құрамы – 5 адам. Оның ішінде мемлекеттік органдардан өкілдік – 3 адам, коммерциялық емес ұйымдар өкілдері мен азаматтар – 2 адам.

       Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде төменде көрсетілген құжаттарды ұсынуы қажет:

       1) Қоғамдық кеңестер туралы үлгілік ереженің (Қазақстан Республикасының Заңы мен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген) 1–қосымшасына  сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жұмыс тобының мүшесіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;

      3) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

     4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

      Конкурсқа байқаушы ретінде қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері конкурс өткізу туралы хабарландыру жария болғаннан бастап күнтізбелік бес күн ішінде Үлгілік ереженің  2–қосымшасына сәйкес көрсетілген құжатты ұсынуы қажет.

Жұмыс тобына кандидатуралар бойынша ұсыныстар мына мекен-жайда қабылданады:

«Индер аудандық мәслихатының аппараты» ММ, индекс – 060200, Индербор кенті, Қонаев көшесі 12,  1 қабат.

Байланыс телефондары:

8 71 234  2-17-91, 2-03-25.

Электрондық мекенжайлар:

maslihat.inder@mail.ru

 

Дата публикации
23 января 2025