Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес аудандық мәслихат төрағасы 2024 жылдың 27 желтоқсан күні сағат 10.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Индер аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХХ сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.
Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер:
1.2025-2027 жылдарға арналған Индер ауданының ауылдық округтерінің және Индербор кентінің бюджеттерін бекіту туралы.
Баяндамашы: Г.Ә. Қонасова – Индер аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
2.Басқа да мәселелер.
Индер аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2024 жылдың 27 желтоқсан күні сағат 09.00-де аудандық мәслихат төрағасының бөлмесінде өткізіледі.
Индер аудандық мәслихатының аппараты