ИНДЕР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІНЕ!

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес аудандық мәслихат төрағасы 2024 жылдың 11 қазан күні сағат 11.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Индер аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХІV сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.

 Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер:

       1.Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 25 қарашадағы №427-VI «Индер ауданының әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару тәсімі туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

       Хабарламашы: Сансызбаев Айболат Саламатұлы – Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы.

       2.Басқа да мәселелер.

       Индер аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2024 жылдың 11 қазан күні сағат 10.00-де аудандық мәслихат төрағасының бөлмесінде өткізіледі.

Индер аудандық мәслихатының аппараты

Дата публикации
09 октября 2024