ИНДЕР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІНЕ!

           Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес аудандық мәслихат төрағасы 2024 жылдың 16 қыркүйек күні сағат 11.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Индер аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХIII сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.

Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер:

         1.Индер аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №64-VIII «2024-2026 жылдарға арналған Индер ауданының ауылдық округтерінің және Индербор кентінің бюджеттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

         Хабарламашы: Қонасова Гүлмира Әмірғалиқызы – Индер аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

         2.Басқа да мәселелер.

         Индер аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2024 жылдың 16 қыркүйек күні сағат 09.00-де аудандық мәслихат төрағасының бөлмесінде өткізіледі.

Индер аудандық мәслихатының аппараты

Дата публикации
13 сентября 2024