Сессия туралы хабарландыру

 

ИНДЕР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ

ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІНЕ!

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы             «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес Индер аудандық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы 2024 жылдың 21 тамыз күні сағат 15.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Индер аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХІ сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.

 

Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер:

 

  1. Индер аудандық мәслихатының 2019 жылғы 31 қазандағы №322-VІ «Индер аудандық жер комиссиясының құрамын құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: А.Үсенқызы – Индер аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы.

  1. Басқа да мәселелер.

 

 

Индер аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2024 жылдың 21 тамыз күні сағат 10.00-де аудандық мәслихат төрағасының бөлмесінде өткізіледі.

 

 

Индер аудандық мәслихатының аппараты

 

 

Дата публикации
15 августа 2024