Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес аудандық мәслихат төрағасы 2024 жылдың 28 маусым күні сағат 11.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Индер аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХ сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.
Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер:
1. Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері бойынша.
Хабарламашы: Дюсубалиева Анаргүл Бақтығалиқызы – Индер аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.
2. «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Индер ауданы әкімдігінің жобасына келісім беру туралы.
Хабарламашы: Қонасова Гүлмира Әмірғалиқызы – Индер аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
3.Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 28 қазандағы №147-VII «Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Хабарламашы: Сансызбаев Айболат Саламатұлы – Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы.
4.Басқа да мәселелер.
Индер аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2024 жылдың 28 маусым күні сағат 09.00-де аудандық мәслихат төрағасының бөлмесінде өткізіледі.
Индер аудандық мәслихатының аппараты