Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес аудандық мәслихат төрағасы 2024 жылдың 31 мамыр күні сағат 11.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Индер аудандық мәслихатының кезектен тыс ХІХ сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.
Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер:
1.Индер аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №64-VIII «2024-2026 жылдарға арналған Индер ауданының ауылдық округтерінің және Индербор кентінің бюджеттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Қонасова Гүлмира Әмірғалиқызы – Индер аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
2.Басқа да мәселелер.
Индер аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2024 жылдың 31 мамыр күні сағат 09.00-де аудандық мәслихат төрағасының бөлмесінде өткізіледі.
Индер аудандық мәслихатының аппараты