ИНДЕР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІНЕ!

        Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес аудандық мәслихат төрағасы 2024 жылдың 28 мамыр күні сағат 15.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Индер аудандық мәслихатының кезекті ХVIIІ сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.

 Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер:

        1. 2023 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы.

        Баяндамашы: Қонасова Гүлмира Әмірғалиқызы – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

        2023 жылғы Индер аудандық бюджетінің атқарылуы туралы Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі.

        Баяндамашы: Аккажиева Ляззат Сатыбалдықызы – Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі.

        2023 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есебі бойынша қорытынды баяндамасы.

        Баяндамашы: Карашина Әлия Мұқанғалиқызы – аудандық мәслихаттың экономика, бюджет, қаржы, жергілікті салықтар мен алымдар, шағын және орта кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.

        2023 жылға арналған Индербор кенті және ауылдық округтердің бюджеттерінің атқарылуы туралы баяндамалары.

        Баяндамашылар: Кент және ауылдық округ әкімдері. 

        2. Басқа да мәселелер.

Индер аудандық мәслихатының аппараты

 

 

Дата публикации
15 мая 2024