ИНДЕР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІНЕ!

        Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес аудандық мәслихат төрағасы 2024 жылдың 18 наурыз күні сағат 15.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Индер аудандық мәслихатының кезекті ХVІ сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.

 Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер:

         1.Аудан бойынша төтенше жағдайлардың (дала өрттері, т.б.) алдын-алу және зардабын жою жұмыстары туралы.

         Баяндамашы: Қонқаев Әділ Батырғалиұлы – Индер ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы.

         2. Индер аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №60-VIIІ «2024-2026 жылдарға арналған Индер ауданының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

        3. 2024 жылға арналған Индер ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету туралы.

        Хабарламашы: Қонасова Гүлмира Әмірғалиқызы – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

        4. Индер ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы.

        5. Индер ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы.

        Хабарламашы: Үмітқалиева Айгүл Аралбайқызы - аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы.

        6. Басқа да мәселелер.

        Индер аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2024 жылдың 18 наурыз күні сағат 10.00-де аудандық мәслихат төрағасының бөлмесінде өткізіледі.

Индер аудандық мәслихатының аппараты

Дата публикации
12 марта 2024