Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес аудандық мәслихат төрағасы 2024 жылдың 09 ақпан күні сағат 11.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Индер аудандық мәслихатының кезектен тыс ХV сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.
Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер:
1.«Индер аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 39-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы».
Баяндамашы: А.Ж.Серікқалиева – Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.
2. Басқа да мәселелер.