Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 - бабына сәйкес аудандық мәслихат төрағасы 2023 жылдың 14 тамыз күні сағат 11.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылған Индер аудандық мәслихатының кезектен тыс VII сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.
Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер:
1. Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 15 желтоқсандағы №165-VII «2023-2025 жылдарға арналған Индер ауданының ауылдық округтерінің және Индербор кентінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Г.Қонасова – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
2. Басқа да мәселелер.
Индер аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2023 жылдың 14 тамызда сағат 09.00-де аудандық мәслихат төрағасының бөлмесінде өткізіледі.
Индер аудандық мәслихатының аппараты