ИНДЕР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІНЕ!

        Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы                  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және     өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес аудандық мәслихат төрағасы 2023 жылдың 8 тамыз күні сағат 11.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Индер аудандық мәслихатының кезектен тыс VI сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.

 Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер:

         1. Индер аудандық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №158-VII «2023-2025 жылдарға арналған Индер ауданының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

          Баяндамашы: Г.Ә.Қонасова – Индер аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

          2. Басқа да мәселелер.

          Индер аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2023 жылдың 8 тамыз күні сағат 09.00-де аудандық мәслихат төрағасының бөлмесінде өткізіледі.

Индер аудандық мәслихатының аппараты

Дата публикации
02 августа 2023