ИНДЕР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІНЕ!

          Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және      өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес аудандық мәслихат төрағасы 2023 жылдың 9 маусым күні сағат 15.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Индер аудандық мәслихатының кезектен тыс V сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.

 Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер:

        1. Индер аудандық мәслихатының 2022 жылғы 15 желтоқсандағы №165-VII «2023-2025 жылдарға арналған Индер ауданының ауылдық округтерінің және Индербор кентінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

         Баяндамашы: Г.Ә.Қонасова – Индер аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

         2. Басқа да мәселелер.

         Индер аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2023 жылдың 9 маусым күні сағат 10.00-де аудандық мәслихат төрағасының бөлмесінде өткізіледі.

Индер аудандық мәслихатының аппараты

Дата публикации
02 июня 2023