ИНДЕР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІНЕ!

        Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы        «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және      өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес аудандық мәслихат төрағасы 2023 жылдың 6 маусым күні сағат 16.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Индер аудандық мәслихатының кезектен тыс ІV сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.

 Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер:

       1. Индер аудандық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №158-VII «2023-2025 жылдарға арналған Индер ауданының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

         Баяндамашы: Г.Ә.Қонасова – Индер аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

         2. Басқа да мәселелер.

        Индер аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2023 жылдың 6 маусым күні сағат 10.00-де аудандық мәслихат төрағасының бөлмесінде өткізіледі.

Индер аудандық мәслихатының аппараты

Дата публикации
31 мая 2023