ИНДЕР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІНЕ!

            Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы            «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және    өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес аудандық мәслихат төрағасы 2023 жылдың 29 мамыр күні сағат 15.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Индер аудандық мәслихатының кезектен тыс ІІІ сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.

 Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер:

            1. Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 28 қазандағы №147-VII «Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

            2. Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 7 желтоқсандағы №71-VII «Аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

            Хабарламашы: Сансызбаев Айболат Саламатұлы – аудан әкімі аппаратының басшысы.

            3. Индер ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы.

            4. Индер аудандық мәслихатының 2019 жылғы 31 қазандағы №322-VI «Индер аудандық жер комиссиясының құрамын құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

            Хабарламашы: Үсенқызы Ардақ – аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы.

             5. Басқа да мәселелер.

             Индер аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2023 жылдың 29 мамыр күні сағат 10.00-де аудандық мәслихат төрағасының бөлмесінде өткізіледі.

Индер аудандық мәслихатының аппараты

Дата публикации
24 мая 2023