ИНДЕР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІНЕ!

        Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және     өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес аудандық мәслихат төрағасы 2023 жылдың 16 мамыр күні сағат 15.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Индер аудандық мәслихатының кезекті ІІ сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.

 Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер:

       1.2022 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы.

       Баяндамашы: Г.Ә.Қонасова – Индер аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

       2022 жылғы Индер аудандық бюджетінің атқарылуы туралы Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі.

        Баяндамашы: Л.С.Аккажиева – Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі.

         2022 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есебі жөніндегі қорытынды баяндамасы.

         Баяндамашы: А.М.Карашина – аудандық мәслихаттың экономика, бюджет, қаржы, жергілікті салықтар мен алымдар, шағын және орта кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы.

         2.Басқа да мәселелер.

        Индер аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2023 жылдың 16 мамыр күні сағат 10.00-де аудандық мәслихат төрағасының бөлмесінде өткізіледі.

Индер аудандық мәслихатының аппараты

 

Дата публикации
15 мая 2023