Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Индер аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1.«Индер аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Индер аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 наурыздағы №187-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4108 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2.Индер аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 ақпандағы №89-VII «Индер аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Индер аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 наурыздағы №187-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Индер аудандық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.
4.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы