Индер аудандық мәслихаты аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы орынбасарының бос орынына толтыру бойынша келесі бағыттарға сәйкес ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды:
1) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен өзара іс-қимыл жасауға жауапты мүше үшін:
Біліктілік талаптары:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді білу.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
Аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған кезде;
Қазақстан Республикасының сайлау органдарында жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
2) сайлау комиссиясының қызметін құқықтық қамтамасыз ету мәселелеріне жауапты мүше үшін:
Біліктілік талаптары:
жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді білу.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
Аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған кезде;
Жұмыс өтілі мемлекеттік лауазымдарда үш жылдан кем емес немесе құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында біржылдан кем емес;
Қазақстан Республикасының сайлау органдарында жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
3) сайлау комиссиясының қызметін қаржылық сүйемелдеу мәселелеріне жауапты мүше үшін:
Біліктілік талаптары:
жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді білу.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
Аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған кезде;
Жұмыс өтілі мемлекеттік лауазымдарда үш жылдан кем емес, оның ішінде қаржы қызметін ұйымдастыру саласында мамандығы бойынша үш жылдан кем емес;
Қазақстан Республикасының сайлау органдарында жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
4) сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру саласындағы жұмысты ұйымдастыру, үйлестіру және қамтамасыз ету,сайлау ұйымдастырушыларын және сайлау процесінің басқақатысушыларын оқыту мәселеріне жауапты мүше үшін:
Біліктілік талаптары:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді білу.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
Аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған кезде;
Жұмыс өтілі мемлекеттік лауазымдарда үш жылдан кем емес, оның ішінде білім беру саласындағы мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
Қазақстан Республикасының сайлау органдарында жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
5)сайлау комиссиясының қызметін ақпараттық қамтамасыз ету мәселелеріне жауапты мүше үшін:
Біліктілік талаптары:
Жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
Аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
Қазақстан Республикасының сайлау органдарында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
6) сайлау комиссиясының қызметін IT-сүйемелдеу мәселелеріне жауапты мүше үшін:
Біліктілік талаптары:
Орта білімнен кейінгі, жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
Аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
Қазақстан Республикасының сайлау органдарында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
7) сайлау процесін ұйымдастыру, мүгедек адамдарға жағдайлар жасауды қамтамасыз ету мәселелеріне жауапты мүше үшін:
Біліктілік талаптары:
Жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
Аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің функционалдық бағыттарына сәйкес келетін облыстарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
Қазақстан Республикасының сайлау органдарында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
Мәслихат хатшысы